👶 Балалардың ай сайынғы даму көрсеткіштері: ✅ 1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды. ✅ 2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді. ✅ 3 ай. Қатты күледі қуанғанын күлімдеп білдіеді. Басын жақсы ұстайды, қолына сүйеніп, етбетінен жатады. ✅ 4 ай. Арқасынан қырына аунап түседі, ілулі тұрған ойыншықтармен ұзақ ойнайды. Ұстап көреді. ✅ 5 ай. Өзінің жақын адамдарын таниды. Ұзақ гүілдеп өлеңдетеді. Қолына ұзақ шылдырмақты ұстайды, арқасынан етбетіне аунап түседі, қолтығынан демегенде бойын тіке ұстап тұрады. ✅ 6 ай. “ба” және “ма” буындарын айтады. Манежбен аздап еңбектейді. Қасықтан жақсы ішеді. Өз еркімен ойыншықты ала алады. ✅ 7 ай. Ұзақ былдырлайды, жақсы еңбектейді, ересектер екі қолынан демегенде тіке тұрады. ✅ 8 ай. Әртүрлі буындарды қайталайды. Өтініш бойынша “алақайды” жасайды. Өзі отырып жатады, бір заттан ұстап тұрады. ✅ 9 ай. Аяғының алдындағы кедергілерден аттап өтеді. Қолынан демегенде жүреді. Үлкендер өтінішімен “қолыңды бер” дегенді қайталайды. ✅ 10 ай. Бірнеше адамның атын біледі, үлкендердің ойнына жауап береді. Жасырынбақ ойнайды. Арбаның соңынан жүреді. ✅ 11 ай. “мама”, “бер” деген алғашқы сөздерді айтады. Болар болмас демегенде өзі тұрады. Бір затты екіншісінің үстіне қояды. Дөңгелекті кигізіп шеше алады. ✅ 12 ай. 6-8 сөз айтады. Өзі отырып, тұрады, ыдыстан өзі ішеді, жүреді.

Теги других блогов: балалар даму көрсеткіштер